A- A A+
Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы жанындағы Сандықтау ауданы мемлекеттік архивінің 2023 жылға қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

1. Жалпы ереже

1) Қызмет беруші туралы мәімет

1) Қызмет беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы 021400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі 119, байланыс телефоны 8 (71640) 9-27-22.

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

— Көрсетілген мемлкеттік қызметтердің саны: мемлекеттік архивпен 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.e.gov.kz.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2023 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік қызметтін саны 696 құрады:

  •  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік порталы арқылы — 10;
  •  www.e.gov.kz веб порталы арқылы — 518;
  •  қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік архив) — 168.  

Мемлекеттік архивте "e-gov"өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

"Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: мемлекеттік архивтін ақпараттық стендінде, Сандықтау ауданының мемлекеттік архивінің сайтында, жергілікті "Сандыктауский край" газетінің беттерінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.gov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Сандықтау ауданының мемлекеттік архивінің "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша есеп мемлекеттік архивтің сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір адам есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)

2023 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында: 1) 2 — семинар-кеңес және "дөңгелек үстел"; 2) 2 — мемлекеттік архив қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Жергілікті "Сандыктауский край" газетінде сөйлеген сөздері.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2023 жылы "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2023 жылы мемлекеттік архивпен "электрондық үкімет" порталы арқылы 518 қызмет көрсетілді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы Сандықтау ауданы мемлекеттік архивінің 2 архивисі «Рахат» жек кәсіпкерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде волокит және бюрократия фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету ("электрондық үкімет" порталын танымал ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және т. б.).

Директор Г. Виноградова 

Комментарии







Очистить данные формы


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.02.2024 12:36

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Балкашино с., ул. Абылай хана қ., 119

8 (71640) 9-27-22

arhiv_sand@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71640) 9-27-22