A- A A+
Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
К 70-летию Победы

Тыл –бұлда майдан
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бiздiң ауданның ауыл шаруашылығы

Қаһарлы соғыс жылдары бiзден алыстаған сайын, бiз партиямен, халықпен, әскермен жасалған ерлiктердiң ұлылығын айқын көремiз, анық сезiнемiз. Кеңес халқының ерлiктерi туралы, Ұлы Отан соғысы жылдары адамдардың бастан кешкендерi, қиындықтары және тауқыметтерi туралы көп айтылды және жазылды. Елiмiздiң барлық халық шаруашылықтарының саласы соғыс жолдарына қойылды, барлық жерде «Бәрiде майдан үшiн, бәрiде жеңiс үшiн!» атты ұраны қолданылды.

Гитлерлiктердi женуге бiздiң ауданның еңбеккерлерiде өз күш жетерлiк үлестерiн қосты. Бiздiң ең бағалы капиталымыз- бұл адамдар. Сирек үйлер, жалғыз-жарым отбасылары 1945 жылдың 9 мамырын көз жасынсыз қарсы алды: үйiне немесе күйеуi, немесе баласы, немесе ағасы оралған жоқ.

1945 жылдың 1 қаңтарына ауданда халықтың 34430 адамы саналған, оның iшiнде 15-60 жастағы ерлерi -5957, 15-55 жастағы әйелдер -11395. Ер адамдар әрбiр екiншi үйде болған, еңбекктiн барлық ауыртпашылықтары әйелдердiң мойындарында болған. Мiне солар әскерге наң, май, киiм жеткiзiп тұрған.

Кәрi және орта жастағы адамдардың есiнде, колхозшылардың бiр еңбек күнiне алғаны. онда Егер 1939 жылы аудан бойынша толығымен бiр еңбек күнiне 3кг 850 грамм берiлсе, онда 1942 жылы не бары барлығы 400 грамм, ал 1943 жылы 600 грам берiлген. Солай дегенменде қиыншылықтар мен тауқыметтерге қарамастан, балкашиндiктер майданға наң және май, сүт және терiлер, ауданның барлық ауыл шаруашылықтары бере алатын жағдайда болды.

Соғыстың 4 жылында (1941-1945) мемлекетке 51530 тонна астық тапсырылған. Соғыстың қай жылын алсақта мемлекетке астық тапсыру жоспары орындалмаған. Мүмкiн, бұның басты себебi халықтың ер адамдар бөлiгiнiң жоқтығы болған шығар, ал бұл дегенiмiз, трактористердiң, комбаиншылардың, басшылардың жетiспеуi.. осының салдарынан егiстiк алаңдарыда азайды.

Егер 1941 жылы 62955 га егiлсе, онда 1944 жылы 52800 га егiлдi. Балкашиндықтарды табиғат жағдайлары да еркелеткен жоқ. Ең егiстi жыл 11941 жыл болды, онда толығымен аудан бойынша егiстiк шығымы гектарынан 11,9 центнер болды. Содан кейiнгi жылдары егiн шығымы төмендедi, бұл астықтың валдық жинауды талап етуiн және мемлекетке тапсыруын қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген жоқ. Себебi 1942 жылы егiн орағы не бары гектарынан 3,14 центнердi, ал 1944 жылы гектарынан 4,7 центнердi құрады. Соғыс болған жылдары тракторлер паркi дерлiк толтырылған жоқ.

Тракторлер тозығы жеткенше жұмыс iстедi, қосалқы бөлшектерi қайта ондалды және қайта iске қосылды. Анық, тозығы жеткен машиналар барлық егiс алаңың өндей алмайды, сондықтан көктемгi және егiн орағы жұмыстарына өгiздер, аттар және сиырларда қолданылды.

1945 жылы аудан колхоздарында 183 трактор, 106 комбаин, 12 автомобиль болды. Бұл техникалар егiстiк жұмыстарының 60-80 пайызын өндiрдi, ал қалғаны тiрi күшпен орындалды.

Жылдар бойынша 1 га жұмсақ егiстiктiн өзiндiк құның қарап шыққан қызық (бағасына сәйкес): 1940 жылы -32 рубль 48 тиын, 1944 жылы 48 рубль 90 тиын. Келтiрiлген деректерден көрiп тұрғандай өзiндiк құн жылдан жылға көтерiлген, бұны сөзсiз соғыс жылдарының қиыншылықтарымен түсiндiруге болады.

Трактористерге натурплата есебiнен берiлетiн астықтың да өзiндiк құныда көтерiлдi. 1940 жылы 1 центнер астық 7 рубль 29 тиын тұрды, ал 1943 жылы 14 рубль 84 тиын. Балкашиндықтар майданға мал шаруашылығы өнiмдерiнде берiп тұрды. 1941-1944 жылдары мемлекетке 55804 центнер сүт тапсырылды. Сүт тапсыру жоспары тек қана 1941 жылы ғана орындалды, кейiнгi жылдары ол былай орындалды: 1942 жылы 58,7 пайыз, 1943 жылы 34,4 пайыз, 1944 жылы 52,5 пайыз. Жоспар әрине тұрақты болған жоқжылдан жылға көтерiлдi, бұл соғыс уақытының керек-жарағымен баяндалды. Егер 1941 жылы 3118 сауынды сиырдан 11170 центнер сүт тапсыру жоспарланса, 1944 жылы 2571 басқа 37908 центнер.

Осы өнiмдердi халықтан сатып алуда жүргiзiлдi. Соғыстың 4 жылында халықтан 10557 центнер сүт, 4449 центнер ет, 88 центнер жүн дайындап алынды.

Соғыс жылдары ет дайындау жүйесi. Оны түсiну үшiн 1944 жылы iрi қара мал шығының байқап көрейiк. Осы жылдың 1 қаңтарында 13285 бас мал болды, 3872 бас төл алынды, 6082 бас шығындалды. Оның iшiнде: мемлекетке тапсырылғаны -842, мемлекет есебiне тапсырылғаны 1945 жылы -199 бас, РККА қорына -12 бас, тұқымға -360 бас, жүн мен картопқа -4 бас, азат етiлген аудандарға -2030 бас, қоғамдық тамақтануға -751 бас, падежге -1115 бас. Осы сияқты барлық қалған жылдарғада дайындық жүргiзiлген.

Колхоздарда 1943 жылы 3765 жылқы, iрi қара мал -11075 бас, шошқа-364, қой -31457 бас болған. Әлсiз техникалық жабдықтауларына қарамастан колхоздар iрi азық базасын құруға белсене қатысып отырған. Жыл сайын 50 мың тоннаға дейiн шөп дайындалған.

Осылай қысқаша Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бiздiң ауданның ауыл шаруашылығы сипатталады.

Сандықтау ауданының
мемлекеттiк архивының директоры                                                                                               Г.Виноградова 

vechnyizov (PDF 368 Kb)algyssoz (PDF 391 Kb)

algyssoz (PDF 391 Kb)

algyssoz2 (PDF 295 Kb)

slovokchitatelu (PDF 388 Kb)

slovokchitatelu2 (PDF 283 Kb)

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.04.2016 11:52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Балкашино с., ул. Абылай хана қ., 119

8 (71640) 9-27-22

arhiv_sand@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71640) 9-27-22