A- A A+
Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жазаланған халық

1943-1944 жылдары Қазақстанға Солтүстiк Кавказ халықтарының өкiлдерi қоныс аударған болатын: шешендер, ингуштар. Қоныс аударғандардың тағдыры қайғылы болған. Олардың көбi, әсiресе әйелдер, балалар мен қарттар сапар кезiнде қайтты. Жаңа қоныстану орындарында оларды мүлдем басқа ауа райы жағдайлары күттi.

Қоныстанудың аулақтанған жерлерiне жер аударылған халықтардың жер аудару ұзақтығы туралы сұрағына жауапты 1948 жылдың 26 қарашасындағы «Ұлы Отан соғысы кезеңiнде Кеңес Одағының бөлек жерлерiне қоныс аударған, тұлғаларды мiндеттi және тұрақты қоныстану жерлерiнен қашып кеткенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бередi. Онда айтылады: «Ұлы Отан соғысы кезеңiнде КСРО Жоғарғы органымен қоныс аударған шешендер, карачайлар, ингуштар, балқарлар, қалмақтар, немiстер, крым татарлары және басқалары үшiн, қоныстану режимiн нығайту мақсатында, сонымен қатар, оларды көшiру кезiнде жер аударудың мерзiмдерi анықталмағанына байланысты, жоғарыда көрсетiлген тұлғаларды Кеңес Одағының аулақтанған аудандарына аудару мәңгi өткiзiлдi деп белгiленсiн, олардың бұрынғы тұратын жерлерiне қайтару құқығынсыз».

Осы пiкiр 1951 жылдың 24 қазандағы № 00776 КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк министрiнiң бұйрығында қайталанады немiс, шешен, қалмақ, ингуш, балқар, карачайлар, грек және крым татарлары аталған санаттары, олар 1951 жылдың 9 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығына сәйкес арнайы қоныстауда мәңгiлiкке қалдырылды.

Мемлекеттiң барлық қуатты жазалайтын машинасы жер аударылғандар туған жерлерi туралы ұмытқанын және жаңа орындарда мәңгiлiк қоныстану ойымен үйiрлесуiн қамтамасыз етуiне салынды.

1957 жылдың 11 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесi «Балқар, шешен, ингуш, қалмақ және карачай халықтарының ұлттық автономиясын қалпына келтiру туралы КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының жарлықтарын бекiту туралы» заңын қабылдады. Осылайша, Қазақстанда 1937-1944 жылдары жер аударылған халқы өкiлдерiнiң 1 109 мыңнан астамы, ал көшiрiлгендермен бiрге- 640 мың адамға жуық екiншi ата-мекенiн тапты. Шынында Қазақстанда әрбiр бесiншiсi арнайы қоныс аударған болды, республика КСРО зор ГУЛАГын еске салды.

Ақмола облысының Сандықтау ауданында тұратын шешен және ингуш халықтарын да тарих аттап өткен жоқ. Жоғарыда аталған халық аударуының дәл алғашқы тарихы үшiн жұмыс сапарымен Сандықтау ауданының мемлекеттiк мұрағатына Ингушетия министрiнiң орынбасары — Л. Я. Арыпханова, мұражай меңгерушiсi — З. М. Саутиева және Сандықтау ауданының мемлекеттiк мұрағат директоры Г.И. Виноградова келдi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.04.2016 09:50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Балкашино с., ул. Абылай хана қ., 119

8 (71640) 9-27-22

arhiv_sand@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71640) 9-27-22