A- A A+
Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2021 жылғы есебi

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

2021 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызмет бойынша мәлiметтер енгiзiлген.

2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивпен 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтiң саны 888 құрады:

– «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 106;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 537; — Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 245.

Мемлекеттiк архивте «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсетудiң 1 бұрышы орнатылған.

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк архивтiң стенддiнде алуға болады. Мемлекеттiк архивттiң сайтында, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.gov.kz. интернет-ресурста көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттiк архивттiң қызметi туралы есептер мемлекеттiк архивтiң сайтында және әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 7 iс — шара өткiзiлдi:

1) семинар — кеңес және «дөңгелек үстел» — 1; 2) мемлекеттiк орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерiнiң БАҚ-та мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сөз сөйлеуi — 2; 3) әлеуметтiк желiлерде: Instagram (мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесi) — 1; 4) тiкелей эфир — 1; 5) акция: өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттiк қызметтi қалай алуға болады — 2.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) 2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:

2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 537 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2021 жылы Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивтiнiң 1 қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).

Директор Г.Виноградова

Комментарии







Очистить данные формы


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2022 09:00

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Балкашино с., ул. Абылай хана қ., 119

8 (71640) 9-27-22

arhiv_sand@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71640) 9-27-22