A- A A+
Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне "22 желтоқсан – архившілер күні" енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне "22 желтоқсан – архившілер күні" енгізілді. Бұл күн бекер таңдалмаған. Өйткені, дәл осы күні 1998 жылы елімізде тұңғыш рет Ұлттық архив қоры туралы заң қабылданды.

Осы күннен бастап архив ісінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін 22 желтоқсанда атап өтеді. Бұл күні Сандықтау ауданының әкімі Е. К. Жүсіпбеков, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары С. С. Жайылғанова, аудандық мәслихаттың хатшысы Г. С. Мұстафина, Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысы А. А. Есімбаев, мәдениет бөлімінің басшысы Н. Н. Ким, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н. В. Деобальд, Балкашин ауылдық округінің әкімі И.В. Дырдикова, "Сандыктауский край" газетінің редакторы М.Т. Қасымова, Сандықтау ауданының мемлекеттік архивінің ұжымын олардың кәсіби мерекелерімен құттықтауға келді.

Аудан әкімі қажырлы еңбектері, кәсібиліктері, іске жанқиярлықпен қызмет еткендері, тарихи жадыны сақтағандары үшін алғысын білдірді. Қонақтар үшін мемлекеттік архивтің директоры Г. И. Виноградова 30-шы жылдардағы архив құжаттары бойынша экскурсия өткізді.

 

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2023
Қаралым саны: 227

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Балкашино с., ул. Абылай хана қ., 119

8 (71640) 9-27-22

arhiv_sand@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71640) 9-27-22